Фестиваль құрылтайшылары:
  • Астана қаласының әкімдігі
  • Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы
  • Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы.
Фестиваль ұйымдастырушысы:
  • Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы.
Уақыты мен өткізілу орны:
  • 2019 жылдың 27-наурызынан 1-сәуір аралығы;
  • ҚазҰӨУ Орган залы (вокалистер байқауы);
  • «Астана» концерт залы (дирижерлер байқауы);
  • Қорғаныс Министрлігінің концерт залы (домбырашылар байқауы).
Ұымдастырушылар комитетінің мекен-жайы

Фестиваль аталымдары

Фестиваль төмендегі аталымдар бойынша өтеді:
  • 1. Классикалық вокал (әйел мен ер адамдар);
  • 2. Домбыра;
  • 3. Дирижер.

Барлық айналымдар ашық өтеді;

  • Туындылар толық жатқа орындалады (дирижерлер байқауынан басқа);
  • «Классикалық вокал» және «Домбыра» аталымдарының үміткерлері өз сүйемелдеушісімен қатысады.
  • «Классикалық вокал» аталымы бойынша әйел және ер дауыстар бойынша орындар жеке беріледі.
  • «Классикалық вокал» аталымының II-ші кезеңінде үміткерлер Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындайды.
    Фестиваль аясында ұйымдастырылған концерттерге лауреаттар міндетті түрде тегін қатысады;
  • Ұйымдастырушылар комитеті фестивальға қатысушылардың орындауларын жариялауға, жазып таратуға және орындаушыларды қосымша ақысыз қорытынды концертке қатыстыруға құқылы.
Қазылар алқасы
  • Қазылар алқасы музыка әлеміне танымал, әйгілі музыканттар;
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды;
  • Қазылар алқасы Гран-при, I және II орындардан басқа жүлделерді өз қарауына сай бөліп беруге құқылы.
Фестиваль қатысушыларына қойылатын талаптар:

Фестивальге 16-35 жас аралығындағы кез келген үміткер қатыса алады, «Дирижер» аталымы бойынша 16-40 жас аралығында.

  • 1. «Домбыра» аталымы II-айналымнан (тур) тұрады.
  • 2. «Классикалық вокал» аталымы (әйел мен ер адамдар) II-айналымнан (тур) тұрады.
  • 3. «Дирижер» аталымы III-айналымнан (тур) тұрады.
Өтінімді беру ережесі:

Фестивальге қатысу үшін ұсынылған үлгіні толтырып, қажетті құжаттармен бірге тапсыру;

  • жеке куәлігінің немесе төл құжатының көшірмесін заңмен растап тапсыру:
  • қысқаша өмірбаян, міндетті түрде музыкалық білімінің дипломы немесе қазіргі таңда оқитыны туралы дәлелдейтін құжат, қатысқан байқауларының тізімі мен ұтып алған жүлделерінің диплом көшірмесін өткізу.
  • соңғы 6 айда түсірілген екі фотосурет (10х15 см);
  • танымал музыканттардан бір ұсыныс хат;
  • «Дирижер» аталымы бойынша үміткерлер бір шығарманы бейнетаспаға жазып Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жіберуі тиіс. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге хабарландыру 5 наурызға дейін жіберіледі.
  • «Классикалық вокал» аталымы бойынша үміткерлер бір шығарманы бейнетаспаға жазып Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жіберуі тиіс. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге хабарландыру өтінім келгеннен кейін 2 апта ішінде жіберіледі.
  • «Домбыра» аталымы бойынша үміткерлер өтінімдерін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жіберуі тиіс. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге хабарландыру өтінім келгеннен кейін 2 апта ішінде жіберіледі.

Сұранымды жүктеу

Ұсыныстар мен өтініштер «Классикалық вокал» және «Домбыра» аталымдары бойынша 2019 жылдың 1 наурызына дейін, «Дирижер» аталымы бойынша 2019 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады.

Тіркеу:

Тіркеу рәсімі

  • «Дирижер» аталымы бойынша: тіркеу мен жеребе тарту рәсімі 2019 жылғы 27 наурызда сағат 08.00-де «Астана» концерт залында өтеді.
  • «Класссикалық вокал» аталымы бойынша: тіркеу мен жеребе тарту рәсімі 2019 жылғы 28 наурызда сағат: 12.00 де ҚазҰӨУ Орган залында өтеді.
  • «Домбыра» аталымы бойынша: тіркеу мен жеребе тарту рәсімі 2019 жылғы 30 наурызда сағат: 09.00 де Қорғаныс Министрлігінің концерт залында өтеді.
Қатысушылардың орындау тәртібі:
  • Бірінші айналымдағы орындау тәртібі жеребе арқылы анықталып, байқау соңына дейін сақталады.
Фестивальдің қаржылық жағдайы:
  • Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың қатысқан уақытында ғана тұрғын жаймен қамтамасыз етеді; (айналымнан өтпеген қатысушылар тұрғын жайдыбосатады) Шетелдік қатысушылар қатысушы мәртебесін бекіткеннен соң ресми шақыртудан кейін ҚР елшілігінде өздігінше төлқұжаты мен рұқсатнамасын рәсімдейді.
Жүлделер мен марапаттаулар:

Фестивальдің басты марапаты - Астана қаласы әкімінің кубогы.;

Фестивальдегі марапаттаулар мен сыйлықтар әр аталым бойынша:

  • «Гран-при» кубогының иегері - ақшалай сыйлық 1 500 000 теңге;
  • 1- сыйлық 800 000 теңге, Фестиваль Лауреаты атағы ;
  • 2- сыйлық 500 000 теңге, Фестиваль Лауреаты атағы ;
  • 3- сыйлық 250 000 теңге, Фестиваль Лауреаты атағы;
  • Фестиваль дипломанты 50 000 теңге

Арнайы сыйлық бергісі келетін кез келген мекеме ұйымдастыру комитетімен келісіп беруге құқылы.

Ережелері жүктеу

Ережелері жүктеу

Нұрғиса Тілендиев атындағы VI «Өз елім» саз фестивалінің ұйымдастыру комитеті