Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы 2019 жылдың 27 наурызымен 1 сәуір аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы VI «Өз елім» саз фестивалін өткізеді.

Фестиваль төмендегі аталымдар бойынша өтеді:

  • 1. Классикалық вокал (әйел мен ер адамдар);
  • 2. Домбыра
  • 3. Дирижер ;

Фестивальге 16-35 жас аралығындағы кез-келген үміткер қатыса алады, «Дирижер» аталымы бойынша 16-40 жас аралығы. Фестивальге қатысу үшін ұсынылған үлгіні толтырып, қажетті құжаттармен бірге тапсыру;

  • жеке куәлігінің немесе төл құжатының көшірмесін заңмен растап тапсыру:
  • қысқаша өмірбаян, міндетті түрде музыкалық білімінің дипломы немесе қазіргі таңда оқитыны туралы дәлелдейтін құжат, қатысқан байқауларының тізімі мен ұтып алған жүлделерінің диплом көшірмесін өткізу.
  • соңғы 6 айда түсірілген екі фотосурет (10х15 см);
  • танымал музыканттардан бір ұсыныс хат;
  • «Дирижер» аталымы бойынша үміткерлер бір шығарманы бейнетаспаға жазып Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жіберуі тиіс. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге хабарландыру 5 наурызға дейін жіберіледі..
  • «Классикалық вокал» аталымы бойынша үміткерлер бір шығарманы бейнетаспаға жазып Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жіберуі тиіс. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге хабарландыру өтінім келгеннен кейін 2 апта ішінде жіберіледі.
  • «Домбыра» аталымы бойынша үміткерлер өтінімдерін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жіберуі тиіс. Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлерге хабарландыру өтінім келгеннен кейін 2 апта ішінде жіберіледі.

Сұранымды жүктеу

Ұсыныстар мен өтініштер «Классикалық вокал» және «Домбыра» аталымдары бойынша 2019 жылдың 1 наурызына дейін, «Дирижер» аталымы бойынша 2019 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады.

Мақсаты: Қазақ елінің ұлы перзенті, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, композитор, күйші, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің мұрасын насихаттау.

Фестивальдің басты марапаты – Астана қаласы әкімінің кубогы.

Фестивальдегі марапаттаулар мен сыйлықтар әр аталым бойынша:

  • «Гран-при» кубогының иегері - ақшалай сыйлық;
  • 1- орын ақшалай сыйлық, Фестиваль Лауреаты атағы ;
  • 2- орын ақшалай сыйлық, Фестиваль Лауреаты атағы ;
  • 3- орын ақшалай сыйлық, Фестиваль Лауреаты атағы;
  • Фестиваль дипломанты – ақшалай сыйлық

Арнайы сыйлық бергісі келетін кез келген мекеме ұйымдастыру комитетімен келісіп беруге құқылы.

Фестиваль паспортын жүктеу